Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «EDP Hub» баспасымен бірлесіп сапалы білімді дамытуда

21 қазан, 2024

Тұрақты дамудың №17. Тұрақты даму үшін серіктестік аясында

21 қазан 2024 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «EDP Hub» баспасының (Мәскеу қ.) өкілі Гүлжауар Биқжановамен кездесу өтті. Іс-шараға қатысты:

Ғылым және баспа қызметі басқармасының бастығы Тастамбек Қуаныш Талғатұлы; Тарих факультетінің деканы Байғұнақов Досбол Сүлейменович; Деканның ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары Сүйінова Айнур Талғатқызы; Археология, этнология және мұражайтану кафедрасының меңгерушісі Жұматаев Ринат Серікұлы; Жоғары экономика және бизнес мектебі деканының орынбасарлары Дарибаева Меруерт және филология факультетінің деканының орынбасары Баянбаева Жадыра; Тарих факультетінің профессор-оқытушылар құрамы. Кездесудің негізгі тақырыбы баспа қызметі және цифрлық білім беру ресурстары саласындағы ынтымақтастықты талқылау болды.

«EDP Hub» баспасы – жоғары білікті мамандар даярлауға арналған E-UNI.KZ (e-uni.kz) ұлттық білім беру платформасын әзірлеуші және білім беру мекемелеріне арналған оқу және ғылыми әдебиеттер баспасы.

Ынтымақтастық аясында келесі мәселелер қаралды:

Университет авторларының кітаптарын бірлесіп басып шығару және қайта басып шығару: оқытушылардың еңбектерін компанияның цифрлық өнімдеріне енгізу, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми мектебін ілгерілету. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқу және ғылыми басылымдарын E-UNI.KZ платформасына және IPR SMART цифрлық білім беру ресурсына орналастыру: оқулықтарға, монографияларға және университет мерзімді басылымдарына кең аудиторияның қол жеткізуін қамтамасыз ету. «Білім берудегі көшбасшылар» жобасына қатысу: университет ректорларының өз тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісу мүмкіндігі. Цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану: ұлттық білім беру платформасына, цифрлық кітапханаға, онлайн курстарға және оқытуға арналған digital-қызметтерге қол жеткізу (E-UNI.KZ, IPR SMART). Кездесу Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да сапалы білімді дамытуға, білімнің қолжетімділігін арттыруға және университет ғылыми жетістіктерін ілгерілетуге жаңа мүмкіндіктер ашады.

Ұйымдастырушы Дүниежүзі  тарихы, тарихнама  және  деректану кафедрасының аға оқытушысы А.Т. Суйнова және Археология этнология және музеология кафедрасының менгерушісі Р.С. Жұматаев