"ТДМ-ның 15-ші бағыты бойынша Құрлық экожүйелерін қорғау"

15 қазан, 2024

      2024 жылдың 15  қазанында «Геодезия және картография» мамандығының 4-ші курс студенттерімен Тұрақты даму мәселелерінің 6-шы «Таза су және санитария» бағыты аясында «Жер беті суларының ластануы» атты тақырыпта сауаттылық дәріс өтті.

         Дәрістің негiзгi мақсаты – бүгінгі таңда күрделі мәселеге айналып отырған су тапшылығы мен судың ластануын талдау.  Су объектерінің ластануы күрделі, көпфакторлы және өте динамикалық процесс. Суға түскен әртүрлі ластаушы заттардың концентрациялары күрделі динамикасымен сипатталады және судың ағу жылдамдығына, өздігінен тазару және шөгу процесстерінің жылдамдылығына, су массаларының көлеміне байланысты болады. Дәріс барысында осы заттар жан-жақты сипатталып, талдау жүргізілді. Студенттерге қосымша сұрақ қойылып, олардың да ой пікірлері ашық талданды. Сондай ақ жер беті суларының ластануының ақпараттық көздері және картографиялау әдістерінің әртүрлі масштабтағы карталарда өзгеше болатындығы да сараланды.