- Басты бет
- Жаңалықтар
- Сапалы білімге бастайтын театр: тарих факультетінің студенттері "Баянсыз бақ" қойылымын тамашалады
Сапалы білімге бастайтын театр: тарих факультетінің студенттері "Баянсыз бақ" қойылымын тамашалады
Тұрақты даму мақсаттары шеңберінде №5. Гендерлік теңдік
Тарих факультетінің Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы мен Қазақстан тарихы кафедрасының студенттері мен оқытушылары Габит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында қойылған "Баянсыз бақ" драмасын тамашалап қайтты.
Америкалық жазушы Вина Дельмардың шығармасы бойынша сахналанған бұл қойылым көрермендерді баурап алды. Әсіресе, отбасы құндылықтары мен ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас мәселелері тереңінен ашылғандығы көпшіліктің көңілінен шықты. Кейіпкерлердің тағдыры мен ішкі жан дүниесінің күрделілігі актерлердің шеберлігімен жеткізіліп, көрермендерді бей-жай қалдырмады.
Тұрақты дамудың №4 мақсаты "Сапалы білім" аясында мұндай мәдени іс-шаралар:
- Студенттердің дүниетанымын кеңейтуге: әлемдік драматургиямен таныстыруға;
- Сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытуға: қойылымды талдау, автор идеясын түсінуге;
- Эмоционалды интеллектіні қалыптастыруға: кейіпкерлерге жанашырлық таныту, моральдық-этикалық мәселелерді ой елегінен өткізуге ықпал етеді.
Студенттер драмадан алған әсерлерімен бөлісіп, қойылымның өзектілігін, ой саларлық тақырыбын атап өтті. Олардың пікірінше, "Баянсыз бақ" - бұл тек отбасылық драма ғана емес, сонымен қатар адамгершілік, махаббат, парыз туралы философиялық толғаныс.
Оқытушылар да қойылымның жоғары көркемдік деңгейін, режиссерлік шешімдерінің тапқырлығын, актерлердің кәсіби ойынын жоғары бағалады. "Баянсыз бақ" драмасы тарих факультетінің студенттері мен оқытушыларына терең ой салып, рухани азық берген мәдени шара болды.
Дүниежүзі тарихы тарихнама және деректану кафедрасының жауапты оқытушылары Р.О. Садықова, М. Ходжабай және Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары Ж.М. Бекбауова, А.Дүйсебаева.