География және табиғатты пайдалану факультетінде «Аштықты жою» №2 Тұрақты даму мақсатын орындау аясында «Кампустағы қолжетімді тағам» іс-шарасы өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқытушылар мен студенттердің назарын оқу және жұмыс жүктемесі жағдайында дұрыс тамақтану үшін уақыттың жетіспеушілігі мәселесіне аудару.
Ұйымдастырушылар: Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының аға оқытушылары А.Таныбаева және А.Керімқұлова, сондай-ақ «Экология» білім беру бағдарламасының 3-ші және 4-курс студенттері болды. Олар іс-шараға қатысушыларға сатылатын кондитерлік өнімдер мен жаңа піскен жеміс салаттарын өздері дайындады.
Акция студенттер мен оқытушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Барлық түскен қаражатты экологиялық бастамалар мен жобаларды қолдауға бағыттау жоспарланып отыр, бұл тұрақты тамақтанудың және жаһандық проблемаларды шешуге белсенді қатысудың маңыздылығын көрсетеді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі