Цифрлық технологияларға арналған конференция өтеді
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 2024 жылдың 7-8 қараша аралығында білім ордасының 90 жылдығына арналған «ЦИФРЛЫҚ ШЫНАЙЫЛЫҚ: КАРТОГРАФИЯ, ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ЖӘНЕ ЖЕРДІ ҚАШЫҚТАН ЗОНДТАУДАҒЫ ЖАҢА СҰРАНЫСТАР» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Ғылыми жиынды білім ордасы «Data+ International» компаниясымен бірлесе ұйымдастырады.
Конференцияның мақсаты – цифрлық технологияларды пайдалана отырып, картография, географиялық ақпараттық жүйелер және Жерді қашықтан зондтау саласындағы тенденциялар мен инновацияларды зерттеу және өзекті мәселелерді талқылау. Жиын ғылым мен практик мамандар арасында білім мен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ цифрландыру мен технологияның қарқынды дамуы жағдайында заманауи картография мен геоинформатиканың алдында тұрған міндеттерді шешудің жаңа тәсілдері мен шешімдерін табуға бағытталған.
Сіздерді аталмыш іс-шараға қатысуға шақырамыз.
Төмендегі сайт сілтемесінен толық ақпаратпен таныса аласыздар: https://dircon.kaznu.kz
Негізгі ұйымдастырушылар: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және «Data+ International» компаниясы – ТМД елдерінде: Әзірбайжан, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстандағы ESRI компаниясының ресми дистрибьюторы.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі