Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы И.К.Әзімбаева 2024 жылдың 15 қазанда «Шетел филологиясы (батыс тілдері)» мамандығының 1 курс студенттерімен «ТДМ 3. Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және адамдардың әл-ауқатына ықпал ету» тұрақты даму жобасы аясында туберкулездің негізгі белгілерін білу, туберкулезге шалдыққан адамды қалай анықтауға болатынын және бұл дерттің алдын-алу шараларын түсіндіру мақсатында «Туберкулезге қарсы профилактика мәселелері» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Ашық сабақ барысында студенттер туберкулез микобактериясынан (яғни Кох таяқшасы) туындайтын ауру түрлерін талқылап, иммунитет тапшылығы мен салауатты өмір салтын ұстану, жеке және қоғамдық гигиена қағидаларын сақтау мәселелері жайында сөз қозғады. Студенттер жылына кемінде 1 рет флюорографиялық тексеруден өту маңыздылығын да атап өтті.