2024 жылы 21 қазанда Түркітану және тіл теориясы кафедрасы «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 201 топ студенттері ТДМ аясында «Аштықты жою» бағыты бойынша әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасына азық түлік апарды. Студенттер қаражат жинақтап ұйымдасқан түрде базарға барып, керекті азық түлік сөмкесін толтырып, аз қамтылған отбасына табыстады. Бұл іс-шара топ студенттерінің ауызбіршілігін арттырып, отбасы құндылықтарын тереңірек түсінуге, мейірімділік пен ізгілкке баулуға себепкер болды.
Ұйымдастырушы: «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 201 топ студенттері, топ куратор-эдвайзері Қоңырбекова Толқын.
Басқа жаңалықтар
20 желтоқсан, 2024
20 желтоқсан, 2024
20 желтоқсан, 2024