«Қазақстандық қоғамдағы мультимәдениет» тақырыбында студенттік пікірталас
«Қазақстандық қоғамдағы мультимәдениет» тақырыбында студенттік пікірталас
2024 ж. 8 қазанда “Мәдениет kz” клубының «6В03102-мәдениеттану» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері және кураторы Кудерина А.Н. ұйымдастыруымен «6В03102-мәдениеттану» білім беру бағдарламасының 1,2,3-курс студенттері және дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Аликбаева М.Б. қатысуымен «Қазақстандық қоғамдағы мультимәдениет» тақырыбында студенттік пікірталас шарасы өтті. Пікірталастың негізгі мақсаты – Қазақстан қоғамындағы көпэтностық және мәдени алуантүрлілік мәселелерін талқылау, және біртұтас Қазақстандық мәдениетпен оның оң және теріс жақтарын саралау болды. Пікірталасты ашқан модератор, «6В03102-мәдениеттану» 3-курс студенті Жамбыл Арайлым Қазақстандағы мультимәдениеттің маңыздылығы мен оның қазіргі қоғамға ықпалы туралы әңгіме қозғады. Ол қоғамдағы этностар арасындағы келісім мен ынтымақтастықтың Қазақстан үшін ерекше құндылық екенін атап өтті. Пікірталас барысында «6В03102-мәдениеттану» 3-курс студенті Құрман Лаура, «6В03102-мәдениеттану» 2-курс студенті Ақбота Шаилда Қазақстандағы мультимәдениеттіліктің терең тарихына тоқталып өтті. Ол еліміздегі түрлі этностар мен мәдениеттердің бейбіт қатар өмір сүруінің ұзақ дәстүрі бар екенін және бұл мемлекетіміздің бірегейлігінің бір бөлігі екенін айтып өтті.