Ресурстарды тұтыну қайта өңдеу мәселелерін құқықтық реттеуFarabi University

Ресурстарды тұтыну қайта өңдеу мәселелерін құқықтық реттеу

23 қазан, 2024

«Тұтыну мен өндірістің ұтымды үлгілеріне көшуді қамтамасыз ету» ТДМ 12 іске асыру аясында заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушылары PhD докторы Қуаныш Аратулы және PhD докторы Адлет Ерғали Narxoz университетінің студенттері мен оқытушылар құрамына «Ресурстарды қайта өңдеуді құқықтық реттеу және қоршаған ортаны саналы түрде тұтыну» мәселелері бойынша дәрістік кездесу өткізді. Кездесу барысында дүниежүзілік тәжірибе, қалдықтарды кәдеге жаратуды реттеу бойынша халықаралық келісімдер талқыланып, дамыған елдер мен Қазақстан тәжірибесіне салыстырмалы талдау жүргізілді, сонымен қатар, осы мәселелерді ұлттық деңгейде шешудің маңыздылығы, оның ықпалы туралы сұрақтар қойылды, еліміздің ұлттық және жеке экономикасына оң тәжірибесі және т.б. мәселелер айтылды.