Шығыстану факультеті «Тұрақты қалалар мен мекендер» мақсаттары аясында жалпыуниверситеттік сенбілікке қатысты

23 қазан, 2024

2024 жылдың 5 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аумағында «Тұрақты даму мақсаттарының» (ТДМ) №11 — «Тұрақты қалалар мен мекендер» бағыты бойынша жалпыуниверситеттік сенбілік өтті. Іс-шараға шығыстану факультетінің ұжымы белсенді қатысты.

Сенбіліктің мақсаты – университет аумағының экологиялық жағдайын жақсарту болды. Факультет студенттері мен оқытушылары кампустың тазалығын сақтауға айтарлықтай үлес қосты. Акция аясында оқу ғимараттары мен жатақханалар маңындағы аумақ тазартылды.

Шығыстану факультетінің студенттері сенбілікке қатыса отырып, экологиялық бастамаларға белсенді қатысуға деген ұмтылысын көрсетіп, тұрақты әрі жайлы қалалық орта құруға бағытталған ТДМ-ды қолдады. Студенттер мұндай іс-шаралар табиғатқа деген саналы көзқарасты қалыптастырып, ұжымды біріктіруге көмектесетінін атап өтті.

Сенбілік университеттің тазартылған аумағы аясында қатысушылардың бірлескен фотосуретке түсуімен аяқталып, тұрақты болашаққа ұмтылыстың символына айналды.