- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ 3: Салауатты өмірді қамтамасыз ету және барлық жастағы адамдардың әл-ауқатын арттыру
ТДМ 3: Салауатты өмірді қамтамасыз ету және барлық жастағы адамдардың әл-ауқатын арттыру
Студенттермен табиғатта «Барлық жас топтары үшін салауатты өмірді қамтамасыз ету және әл-ауқатқа жәрдемдесу» ТДМ үшінші мақсатын талқылау және талдау.
Салауатты өмір мен барлығының әл-ауқатын жүзеге асыру тұрақты даму күн тәртібінің маңызды бөлігі болып табылады.
Салауатты өмір салты – адамның ауруының алдын алуға және денсаулықты нығайтуға бағытталған өмір салты, оған адам өмірінің барлық саласы – тамақтанудан эмоционалдық көңіл-күйге дейін кіреді.
Салауатты өмір салтының өзектілігі техногендік және экологиялық қауіптердің артуына және әлеуметтік құрылымның күрделенуіне байланысты адам ағзасына түсетін жүктемелердің ұлғаюы мен сипатының өзгеруіне байланысты. Қазіргі жағдайда жеке адамның денсаулығы мен әл-ауқаты туралы қамқорлық адамның түр ретінде өмір сүруімен және сақталуымен байланысты.
Студенттің салауатты өмір салты оның құндылық бағдарларына, дүниетанымына, қоғамдық санамен қалыптасқан әлеуметтік-адамгершілік тәжірибесіне байланысты.
Мәселенің өзектілігін ескере отырып, кафедра студенттермен және докторанттармен таза ауада, далада объектілерді геодезиялық түсіру бойынша сабақтар өткізеді деп айтуға болады.
Картография және геоинформатика кафедрасының докторанты студенттермен
далалық түсірулер жұмыстарын орындауда