Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушы-профессорлық құрамы Тұрақты даму мақсаттары аясында кездесу өткізді

23 қазан, 2024

Бүгін, 2024 жылдың 23 қазанында, Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 17-ші мақсаты – тұрақты даму үшін халықаралық серіктестікті нығайту шеңберінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Алматыдағы Пәкістан Ислам Республикасының Бас консулы – Ризвана Кази ханыммен кездесу өтті. Іс-шараға Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі Кокеева Д.М. және үндітану бөлімі оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.

Кездесудің мақсаты Қазақстан мен Пәкістан арасындағы білім, ғылым және мәдениет саласындағы байланысты нығайту, сондай-ақ екі елдің университеттері арасындағы академиялық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылау болды. Ризвана Кази ханым білім беру бағдарламалары мен студенттер алмасу саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан мен Пәкістанның білім мен тәжірибемен алмасуда үлкен әлеуетке ие екенін айтты.

Кездесу барысында бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, мәдени іс-шараларды өткізу және екі елдің академиялық қауымдастықтары арасында тығыз диалог орнату бойынша ынтымақтастықтың болашақ бағыттары талқыланды.