4 курс "Химия" мамандығының студенттерімен "25 қазан - Республика күні" тақырыбында дискуссия ұйымдастырылды. Кездесуде қатысушылар бұл күннің ел үшін маңыздылығы, оны мерекелеудің тарихи контексі және Республикасының ұлттық бірлігін дамытудағы рөлі туралы пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ, Республика алдында тұрған жетістіктер мен қиындықтар қаралып, оның болашақтағы даму жолдарына қатысты ойлар айтылды.

Республика күні — бұл еліміздің мемлекеттілікке қол жеткізу жолындағы маңызды тарихи кезең.

1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақстанның тәуелсіздігінің алғашқы құқықтық құжаты — Мемлекеттік егемендік туралы декларацияны қабылдады. Бұл құжат Қазақстанның дербес мемлекет ретінде саяси және құқықтық негізін қалады.

Егеменді мемлекеттіліктің негізгі ұстанымдары ретінде елдің біртұтастығы, аумақтық тұтастық пен оның бөлінбейтіндігі, мемлекеттік шекараның қол сұғылмаушылығы, қазақ халқы мен Қазақстандағы басқа этностардың мәдениеті мен дәстүрлерін жаңғырту мен дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту белгіленді.

Бүгінде біз Қазақстанның саяси және экономикалық жетістіктерін, сондай-ақ халықаралық аренадағы беделін мақтанышпен атап өтеміз.

Осы мерейлі күні барша қазақстандықтарға өркендеу мен бейбітшілік тілейміз. Халықтың бірлігі мен келісімі еліміздің мызғымас негізі болып қала берсін.

Республика күні – бұл халқымыздың рухын көтеретін, елдігімізді нығайтатын, ұлттық сана-сезімімізді жаңғыртатын тарихи қадам. Біз бұл мейрамды жаңа мазмұнда атап өтіп, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталған жаңа белестерге жетуге ұмтыламыз.

                                                                                   Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының аға оқытушысы, х.ғ.к. Ажигулова Р.Н.