Сапалы білім тұрақты даму мақсаттары аясында дөңгелек үстел

23 қазан, 2024

23 қазан күні География және табиғатты пайдалану факультетінде Метеорология және гидрология кафедрасының 1-курс студенттерінің ұйымдастыруымен “Цифрландыру жағдайында білім алушыларға сапалы метеорологиялық білім беру мүмкіндіктері - Long-life learning” Метеорология және гидрология кафедрасы атты тұрақты даму мақсаттары аясында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел барысында топ эдвайзері тұрақты даму мақсаттарымен, метеоролог мамандарды дайындауда жаңа әдістемелермен, студенттің тұлғалық дамуы үшін IDP (individual development plan) жоспарын жасау туралы ақпараттармен таныстырды. Дөңгелек үстелдің тәжірибелік бөлігінде студенттер тұлғалық даму бойынша жеке даму жоспарларын IDP жасап, соның негізінді топтың даму жоспары құрастырылды. Топтың даму жоспарына сәйкес мәдени-рухани орындарға бару, “Қазақ студенті оқу керек 100 кітап”, табиғат аясындағы жорықтар ұйымдастыру сияқты іс-шаралар жоспарланды. Сонымен қатар, студенттер Энергия, Су және азық-түлік категориялары бойынша топқа бөлініп, аталған салаларда тұрақты дамуды жүзеге асыру үшін бірқатар оңтайлы шешімдер ұсынды. Мемлекетіміздің тұрақты дамуы үшін әр жеке тұлғаның алдында күн сайын таңдау тұратындығы айтылып, дөңгелек үстел қорытындыланды.