«21 ғасырдағы астрофизика» атты ашық дәріс

23 қазан, 2024

2024 жылдың 31 қазанында Әл-Фараби ҚазҰУ кітапханасының Абай залда (308 кабинетке) CNRS астрофизика және космология зертханасының және Францияның Париж-Сите университетінің профессоры Димитри Семикоздың «21 ғасырдағы астрофизика» атты ашық дәрісі өтеді. Дәріс келесі аспектілерді қамтиды: астрофизикадағы қазіргі заманғы бақылау әдістеріне көшу: роботтық телескоптар, әртүрлі толқын ұзындығын өлшейтін спутниктер, астрофизикадағы бөлшектер физикасының жетістіктерін пайдаланатын жердегі детекторлар. Қара тесіктер мен нейтрондық жұлдыздарды зерттеу. Біздің Галактиканың орталығындағы аса массивті қара тесік. Жоғары энергиялық астрофизика. Нейтрино астрономиясы және гамма-сәулелік астрономия. Гравитациялық толқындар, қара тесіктер мен нейтрондық жұлдыздардың қосылуы, элементтердің шығу тегі. Бұл дәрістің мақсаты – ЦУР 4 – Сапалы білім беру аясында мектеп оқушыларын, студенттерді және барлығын астрофизикамен оқыту және таныстыру.