«Елімнің еркіндігі – менің мақтанышым» тақырыбындағы конференция
1990 жылы 25 қазанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі № 307-XII Қаулысымен еліміздің тәуелсіздігі жолындағы ең маңызды құжаттардың бірі – «Мемлекеттік егемендік туралы декларацияны» қабылдады. Бұл құжат Қазақстанның егемендігін жариялап, мемлекеттің дербес саясат жүргізу құқығын растаған тарихи шешім болды.
22 қазан 2024 жылы Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырған «Елімнің еркіндігі – менің мақтанышым» тақырыбындағы конференцияға Қазақстан тарихы кафедрасы мен 6В02205-Тарих білім беру бағдарламасының студенттері қатысты. Олар сол кезеңдегі тарихи құжаттың қабылдануына елеулі үлес қосқан қоғам қайраткерлерімен кездесті. Бұл кездесу студенттерге тәуелсіздік тарихын терең түсінуге және осы жолда еңбек сіңірген тұлғалардың тәжірибесімен танысуға мүмкіндік берді.