ТДМ 3. Жақсы денсаулық және әл-ауқат

24 қазан, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика-техникалық факультетінің электроника және астрофизика кафедрасының аға оқытужысы Еркебұлан Нәлібаевтың ұйымдастыруымен 2024 жылдың 22 қазан күні сағ 16.00-де Samsung инновациялық академиясында өндірістік электроника және басқару жүйелері мамандығының 2 курс студенттеріне «Мүмкіндгі шектеулі жандардың физикалық іс-әрекетке қолжетімділігін арттыруда Жасанды интеллект пен IoT технологияларының ролі» тақырыбында іс- шара өткізілді.

Іс-шараның негзгі мақсаты студенттерге мүмкіндігі шектеулі жандардың физикалық мүмкіншіліктерін жетілдіруде жасанды интеллект пен заттар интернеті технологияларын қолданып қолжетімді орта қалыптастыруды насихаттау болып табылады.

Іс-шара барысында мүмкіндігі шектеулі жандардың физикалық қимыл қозғалыс мәселелерін шешу үшін әлемде жасалынған жұмыстар таныстырылды және факультетте орындалған шағын жобалар көрсетілді. Өздерінің болашақта қандай жұмыстарды шешуге болатыны талқыланды. Бұл бағытта жұмыстарды дамыту үшін инженерлік мамандықтарға аса мән беру керектігі және жаратылыстану ғылымдарын терең игеруі негізгі идея болатыны айтылды.

Іс-шара соңында студенттер өзара қызу пікір алмасты. Мүмкіндігі шектеулі жандарға тек қана қаржылай көмек ғана емес жоба жасау арқылы инженерлік шешімдерді ұсыну ең пайдалы көмектің бірі екендігіне көз жеткізді.