- Басты бет
- Жаңалықтар
- «ТҰРАҚТЫ ДАМУ ҮШІН СЕРІКТЕСТІК» ЖӘНЕ «САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ» ТДМ-Ы АЯСЫНДА ҚЫТАЙТАНУ КАФЕДРАСЫ ҚХР ОҢТҮСТІК-ОРТАЛЫҚ ХАЛЫҚТАР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
«ТҰРАҚТЫ ДАМУ ҮШІН СЕРІКТЕСТІК» ЖӘНЕ «САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ» ТДМ-Ы АЯСЫНДА ҚЫТАЙТАНУ КАФЕДРАСЫ ҚХР ОҢТҮСТІК-ОРТАЛЫҚ ХАЛЫҚТАР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
2024 жылдың 23 қазан күні Қытайдың Оңтүстік-Орталық халықтар университетінің өкілдері: Әдебиет, журналистика және радио институты деканының орынбасары Сюнь Ин ханым және аталмыш институттың кеңесшісі Гун Гуан мырза шығыстану факультетіне арнайы сапармен келді. Қытайдан келген қонақтарды қытайтану кафедрасының меңгерушісі Керімбаев Ержан, кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Қойбақова Айжан және кафедраның белді ғалымы Дәулет Фатимабибі күтіп алды. Кездесуде екі оқу орынының болашақта ынтымақтастық пен серіктестік бағыттары талқыланды. Кездесу барысында, сонымен бірге, екі жақты студент алмасу, бірлескен ғылыми жобалар жасау, екі университет ғалымдарының бірлесіп мақала жазып, жариялауы және бакалавр, магистратура деңгейінде бірлескен білім бағдарламаларын жүзеге асыру сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Қытайлық әріптестер өз университетіндегі қытай тілін шет тіл ретінде оқытатын мамандықта оқып жатқан магистранттарын шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасы аясында тәжірибеден өткізу мәселесін ортаға қойды. Қытайтану кафедрасының басшылығы өз тұрғысынан біздің де студенттер мен магистранттардың Оңтүстік-Орталық халықтар университетінде тағлымдамадан өту мәселесін айтып, қытайлық әріптестермен бұл тұрғыдағы мүмкіндіктерді талқыға салды. Қытайтану кафедрасының шетелдік әріптестермен өткізген бұл кездесуі – университетіміздің тұрақты даму үшін серіктестік, сапалы білім беру секілді тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру жолындағы маңызды іс-шара болды.