ТДМ-4: «БІЗ» студенттер театры «Ғашықтар хикаясы» қойылымын көрермендер назарына ұсынды

22 қазан, 2024

Университетіміздің өнерлі студенттерінің басын бір арнаға тоғыстырған «БІЗ» студенттер театры 22 қазан күні Қанат Жүнісовтің «Ғашықтар хикасы» атты комедиялық қойылымын көрермендер назарына ұсынды.

«Ғашықтар хикаясы» комедиясы – терең ойға құрылған, жастарды тамырын дөп басқан туынды. Студенттік жылдардың тәтті шақтарына жетелейтін қойылым жүректерін ғашықтық дерті бойлап, сезім тәлкегіне түскен студенттердің өмірін, жастық шақтағы сезім сергелдеңдерін, оқу ордасында кездесетін мұңлы және қуанышты сәттерді қамтыған.

Өмірде кездесіп жататын сәттерден сыр шертетін «Ғашықтар хикаясы» көремендердің көңілінен шығып, оларға ерекше әсер қалдырды.