ТДМ-4: Студенттер театрда «Шағала» қойылымын тамашалады
Оқу ордамыздың Тарих, Философия және саясаттану, жоғары оқу орнына дейінгі білім беру, Экономика және Бисзнес жоғары мектебі факультеті студенттері 19 қазан күні Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында қойылған орыс жазушысы Антон Чеховтың «Шағала» шығармасын қазақ тілінде тамашалады.
«Шағала» қойылымы – өнер адамдары шығармашылығының қарама-қайшылығы, алдыңғы және кейінгі буын өкілдерінің арасындағы сыйластық пен байланыстың болмауы, көзсіз махаббат, дақпырт атақ пен алдамшы ақша... түптеп келгенде өмірдегі құндылықтар жайлы айтары мол қойылымдардың бірі.
Қойылымды тамашалаған студенттеріміз адамдар арасындағы қарым-қатынастың күрделігі, өмірдегі өнердің рөлі, және өмірден өз орныңды табу туралы, заман өзгерсе де адамы өзгермеген әлем туралы өзінше ой түйіп қайтты.