Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!

24 қазан, 2024

25 қазан Республика күніне орай 3-курс «Нанохимия және наноматериалдар» тобы студенттеріне «Мәңгі жаса, қыран елім Қазақстаным» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Тәрбие сағат мақсаты: студенттерді туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету; бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру; Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.

1990 жылы қазан айының 25-ікүні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап-ақ егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл акт арқылы әлем картасындағы жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының негізі қаланды. Қазір бұл күн мемлекеттік масштабта атап өтіліп, мереке ретінде тойланады. 2001 жылы 13 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» №267 заң бойынша бұл күн мемлекеттік мерекелер қатарына қосылды.

Қыркүйек айының ортасында Қазақстан Республикасының парламенті «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға түзетулер енгізді. Құжатқа сәйкес, Республика күні яғни 25 қазан – ұлттық мерекеге, ал Тәуелсіздік күні яғни 16 желтоқсан – мемлекеттік мерекеге айналды.

                                                                                Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доценті, х.ғ.к. Жақсылықова Г.Ж.