№14 Студенттер үйінде тоғызқұмалақтан жарыс өтті
                        23 қазан, 2024                    
                
                23 қазан 2024 ж. сағат 19.00-де №14 Студенттер үйінде ҚазҰУ-дың 90-жылдық мерей тоына және 25 қазан Республика күніне орай, дене шынықтыру және спорт кафедрасының бастамасымен ұлттық ойындарды дәріптеу мақсатында тоғызқұмалақтан жарыс өткізілді. Жарыс жеңімпаздары мен қатысушыларын грамотамен марапаттап, тәтті сыйлықтар таратылды.