ҚазҰУ-да Республика күніне орай 1000 адам Әнұранды орындады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Республика күні ұлттық мерекесіне орай, 1000 адам Мемлекеттік Әнұранды бірге орындады.
Шараға оқу ордасының қызметкерлері, факультет декандары, оқытушы-профессорлар құрамы мен білім алушы жастар белсенді атсалысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Республика күні ырысты ынтымақ пен өзара тілеулeстіктің арқасында халқымыздың барлық сын-қатерден сүрінбей өтіп, азаттыққа жеткенін әйгілейді. Біз бабалар аманатына адал боламыз. Ел бірлігін әрдайым нығайта береміз», – деген болатын.
Ұлттық мереке қарсаңында ҚазҰУ-да ауқымды іс-шаралар өтуде. Атап айтқанда ғылыми-тәжірибелік конференциялар, шығармашылық және патриоттық байқаулар, қайырымдылық акциялар ұйымдастырылуда. Сонымен қатар Республика күніне орай, студенттер арасында түрлі челлендждер түсіріліп, әлеуметтік желілерде жариялануда.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі