ҚазҰУ-да «Қағазға екінші өмір сыйла» акциясы өтті

24 қазан, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да №12 «Жауапты тұтыну және өндіріс» бағытындағы тұрақты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылған «Қағазға екінші өмір сыйла» атты  экологиялық акциясы өтті.

Макулатура жинауды география және табиғатты пайдалану факультетінің ЮНЕСКО Тұрақты даму кафедрасының кураторлары, аға оқытушылар Айнұр Таныбаева мен Әлия Керімқұлованың жетекшілігімен «Экология» білім беру бағдарламасының 3-4 курс студенттері ұйымдастырды. Макулатура жинау акциясына  университет бөлімшелері, «Керемет» студенттік орталығы, сондай-ақ география және табиғатты пайдалану, биология және биотехнология, физика-техникалық, химия және химиялық технология, механика-математика және т.б. факультеттер қатысы.

Акция экоөнімдерді жауапты тұтыну және өндіру жөніндегі бастаманы белсенді қолдаған көптеген қатысушылардың басын қосты. Макулатура жинау студенттер мен бүкіл университет арасында экологиялық ақпараттандыруды арттырудың маңызды қадамы болды. Қатысушылар қайта өңдеу үшін қағаз жинап қана қоймай, сонымен қатар экосаналы мінез-құлықтың маңыздылығын және күнделікті өмірде қағаз қалдықтарын азайту, қоршаған ортаны сақтау үшін ресурстарды қайта пайдалану жолдарын талқылады. Сондай-ақ ұйымдастырушылар макулатураны одан әрі өңдеуге жібермес бұрын, қабылдау және сақтау процесін ойластырды. Макулатураны жинау орны география және табиғатты пайдалану факультетінде белгіленді, онда акцияның барлық қатысушылары өздерінің ескі қағаздарын, газеттері мен дәптерлерін және басқа да қажетсіз қағаз өнімдерін өткізді.

Бұл іс-шара университеттің тұрақты даму жолындағы кезекті қадамы және жастардың қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қоса алатынының жарқын мысалы болды. Сондай-ақ бұл бастама экология мәселелеріне назар аударуға көмектесіп қана қоймай, студенттердің өздері пайдаланатын ресурстарға саналы көзқарасын қалыптастырды. ҚазҰУ планетамыздың ресурстарын сақтауға үлес қосуға ұмтыла отырып, экологиялық бастамаларды белсенді қолдауды жалғастыруда.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі