- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қытайтану кафедрасында «Сапалы білім» ТДМ-ы аясында болашақ аудармашылар үшін ашық сабақ өтті
Қытайтану кафедрасында «Сапалы білім» ТДМ-ы аясында болашақ аудармашылар үшін ашық сабақ өтті
2024 жылдың 24 қазанында «Сапалы білім» ТДМ-ы аясында қытайтану кафедрасының аға оқытушысы Б. Маулит «Аударма ісі» мамандығының 3-курс студенттеріне «Сөйлеу мәдениеті практикумы» пәні бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты студенттердің тілдік коммуникация дағдыларын тереңдету және олардың сөйлеу мәдениетінің деңгейін арттыру болды. Сабақ барысында оқытушы студенттердің ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған интерактивті және практикалық элементтерді қоса отырып, пәнді оқытудың жоғарғы деңгейдегі шеберлігін көрсетті. Сабақта сөйлем құрылымы, интонация, стилистикалық ерекшеліктер, ресми тілді аудару ерекшеліктері сияқты қытай және қазақ тілінің негізгі ерекшеліктері қаралды. Оқытушы сөзді қарым-қатынаста дұрыс қолданудың маңыздылығына назар аудара отырып, жаңа тақырыпты егжей-тегжейлі және жүйелі түрде баяндады. Сондай-ақ, сөйлеу мәдениетінің маңызы мен оның күнделікті өмірдегі рөлі де жан-жақты қаралды. Студенттер белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті, сондай-ақ сөйлеу дағдыларын жетілдіру мақсатын белгілей отырып, өздеріне маңызды қорытындылар жасады. Сабақ соңында Маулит Бақытнұр студенттердің белсенділігінің жоғары деңгейін және олардың талқылауға қосқан үлесін атап өтіп, осындай сабақтардың олардың кәсіби өсуі үшін маңыздылығын айтып өтті.