ТДМ АЯСЫНДА ТҮРІКТАНУ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІ КАФЕДРАСЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА «МӘҢГІЛІК ЖАСА, ҚЫРАН ЕЛІМ ҚАЗАҚСТАН!» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗДІ.

24 қазан, 2024

2024 жылдың 24 қазанында түріктану және шығыс елдерінің тарихы кафедрасында 25 қазанда атап өтілетін Республика күніне орайластырылған «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны 2-3 курс студенттері ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге профессорлық-оқытушылық құрам, магистранттар мен студенттер қатысты.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан басталып, студенттер дайындаған баяндамалармен жылғасты. Атап айтсақ, 2 курс студенттері Айым Әскерова «Республика тарихы», Аяжан Болатова «Қазақстан және Тұрақты даму мақсаттары», 3 курс студенттері Ұлжан Қыдырбай «Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясы» және Элмира  Рахымбекова «Қазақстанның экономикалық дамуы» тақырыптарында баяндама жасады. Баяндамалардан кейін студенттер баяндамашыларға сұрақтар қойып, негізгі жайттарды талқылады және өз ойларын ортаға салды

Сонымен қатар, 3 курс студенті Мөлдір Серікхан Қадыр Мырза Әлидің «Туған жер» өлеңін оқыды және Жансая Аманованың дайындаған векториналық ойыны ойнатылды.

Дөңгелек үстелдің соңында келген қонақтар мен студенттерге құттықтау сөзі берілді және барша қатысушылар Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін орындады. Кафедра басшылығы мен профессорлық-оқытушылық құрам 2-3 курс куратор-эдвайзерлері А.Ж. Назарова мен Қ.Б. Жанатаеваға, сондай-ақ іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан барлық студенттерге алғыс білдірді

 

Шығыстану факультеті  түріктану және шығыс елдерінің тарихы кафедрасының аға оқытушылары: А.Ж. Назарова, Г.Б. Жанатаева