- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қиыр Шығыс кафедрасы Республика күніне орай «Сапалы білім» ТДМ-ы аясында кураторлық сағат өткізді
Қиыр Шығыс кафедрасы Республика күніне орай «Сапалы білім» ТДМ-ы аясында кураторлық сағат өткізді
2024 жылдың 24 қазанында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті, Қиыр Шығыс кафедрасының эдвайзерлері Республика күніне орай "Тәрбие мен білім — ел болашағының кепілі" тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
Бұл іс-шараның мақсаты — студенттер арасында отансүйгіштік сезімін арттыру, еліміздің тарихы мен мәдениетіне құрмет көрсету, сондай-ақ білім мен тәрбиенің ел дамуы мен келешегіндегі рөлін талқылау болды.
Кураторлық сағат барысында студенттер мен оқытушылар білімнің қоғамдағы маңыздылығы, тәрбие мәселелері, сондай-ақ Қазақстанның болашағы үшін жастардың атқарар рөлі туралы өз ойларымен бөлісті. Шараға қатысушылар тәрбие мен білімнің ұлттың өркендеуіндегі ажырамас бөлшек екенін талқылап, жастардың патриоттық тәрбиесі мен сапалы білім алуы елдің стратегиялық дамуына тигізетін әсерін атап өтті.
Шара барысында студенттер Қазақстанның тәуелсіздігі мен даму жолындағы маңызды тарихи оқиғаларды еске алып, елдің егемендікке қол жеткізудегі батыл қадамдарына тоқталып өтті. Сонымен қатар, студенттер қазіргі заманғы Қазақстан жастарының алдында тұрған білім беру және тәрбие саласындағы негізгі міндеттер туралы пікір алмасты.
Кураторлық сағатқа қатысушылар болашақ мамандардың, әсіресе шығыстанушы студенттердің, еліміздің халықаралық байланыстарын нығайтуға, экономикалық және мәдени дамуына қосар үлесі зор екенін ерекше атап өтті. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, студенттер үшін пайдалы әрі мазмұнды болды.