Ректор ҚазҰУ ұжымын Республика күнімен құттықтады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев оқу ордасының қызметкерлері мен оқытушы-профессорлар құрамымен кездесті.
Жүздесуде ректор университет ұжымын 25 қазан – Республика күнімен құттықтап, ғылым жолында табысты болуына тілектестігін білдірді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтауында: «Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке», – деп атап өткен болатын. Егемендігімізді дәріптеп, тәуелсіздігімізді паш етуде Республика күнінің тарихи маңызы зор. Бұл күні егемендігіміз ең алғаш жария етіліп, тәуелсіз ел ретінде танылдық. Тәуелсіздігіміздің іргетасы қаланып, тұңғыш рет дербес шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін жаңа декларация қабылданды. Еліміздің егемендігі баянды болсын!» – деді ректор.
Сонымен қатар ЖОО басшысы өз сөзінде университетті дамыту бағытында жүргізіліп жатқан нәтижелі жұмыстарды атап өтіп, алдағы міндеттер мен болашақта атқарылатын ауқымды жобаларға тоқталды.
Кездесу соңында Жансейіт Түймебаев Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды дамытуға елеулі үлес қосқан оқытушылар мен ғалымдарға мерекелік сый-сияпат табыс етті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі