- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Мемлекеттік егемендік декларациясы – Қазақстандағы табысты әлеуметтіксаясаттың негізі»
«Мемлекеттік егемендік декларациясы – Қазақстандағы табысты әлеуметтіксаясаттың негізі»

2024 жылдың 24 қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінде мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушылары, заң ғылымдарының докторы. Баймаханова Д.М., п.ғ.к. Исабеков А.Қ., ф.ғ.к. Мыңбатырова Н.Қ. және «Аманат» студенттік клубы (заң факультетінің 407 тобы) Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Б.Ж.Жаубасовтың көшбасшылық лекциясын ұйымдастырды. Тақырыбы: «Мемлекеттік егемендік декларациясы – Қазақстандағы табысты әлеуметтік саясаттың негізі», SDG 16 «Бейбітшілік, әділдік жәнетиімді институттар» аясында Республика күніне арналған. Көшбасшылық лекциясында Бауыржан Жанатұлы өз сөзінде Қазақстандағы әлеуметтік мемлекеттің тиімді дамуы үшін Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің негізгі жұмыс бағыттары, атап айтқанда, жұмыспен қамтусаласында атаулы әлеуметтік көмек көрсету және мүгедектерге, зейнеткерлерге, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, жас мамандарға медициналық көмек көрсету мәселелері таныстырылды.
Студенттер лекторға жас мамандарды әлеуметтік жұмыспен қамту бағдарламалары мен студенттік тәжірибеге қатысты көптеген сұрақтар қойды.
Сөзін қорытындылай келе, лектор барлығын Республика күнімен құттықтап, Қазақстан Республикасында инклюзивті қоғам мен әлеуметтік мемлекеттің тиімді дамуына байланысты әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеуге шақырды.