ТДМ-ның 3-ші: «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» мен 11-ші «Тұрақты қалалар және елді мекендер» мақсаттарына сай 2024 жылдың 9 қазан күні Экономика кафедрасы студенттер арасында «Көліксіз бір күн » тақырыбында іс-шара-акциясын өткізді. Шара аясында автокөліктердің қоршаған ортаға және денсаулыққа әсері туралы презентация жасалды. Студенттер ауаның ластануын, CO₂ шығарындыларын және қоғамдық көліктер, велосипедтер және электр скутерлері сияқты жеке көліктің балама нұсқаларын талқылады.
Сонымен қатар автокөлікті пайдалануды азайту қалалардағы ауа сапасын жақсартуға болатыны туралы дәлелді деректер ұсынды. Іс-шараға барлық студенттер көліктен бас тартып келді, бұл олардың акцияға қатысуының практикалық бөлігі және осы акцияны қолдайтындарын көрсетулері болды.
Ұйымдастырушылар: э.ғ.к., аға оқытушы Тураров Д.Р.; PhD, аға оқытушы Иляшова Г.К.