- Басты бет
- Жаңалықтар
- Адамның денсаулығы-қоғамның байлығы тақырыбы аясында 3- ші курс студенттерінің арасында іс-шара өтті.
Адамның денсаулығы-қоғамның байлығы тақырыбы аясында 3- ші курс студенттерінің арасында іс-шара өтті.
Тұрақты даму мақсаттары (ТМД)- бұл кедейлік пен кедейлікті жоюға, теңсіздік пен әділетсіздікке қарсы тұруға, жер шарын қорғауға және барлық адамдар үшін бейбітшілік пен гүлденуді қамтамасыз етуге бағытталған әлемде қабылданған мақсаттар.
«Бірінші байлық - денсаулық» деп тектен айтылмаған. Алдымен адамға денсаулық керек. Адам баласының денсаулығы оның жаны мен тәнінің саулығынан құралады. Сондықтан адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы ең алдымен салауатты өмір салтына байланысты. Салауатты өмір салтының негізі-спорт екені бәрімізге белгілі. «Спорт – денсаулық кепілі» - екенін ескерсек, оның адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады.
2024 жылы Парижде өткен Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы алғанда 7 медальға ие болды: 1 алтын, 3 күміс және 3 қола. Бұл жетістікпен ел құрамасы жалпыкомандалық есепте 43-орынға тұрақтады.
• Алтын медаль: Дзюдодан Елдос Сметов (60 кг) чемпион атанды.
• Күміс медальдер: Нариман Құрбанов (спорттық гимнастика, тұғырлы ат жаттығуы), Демеу Жадыраев (грек-рим күресі, 77 кг) және Нұрбек Оралбай (бокс, 80 кг).
• Қола медальдер: Дзюдодан Ғұсман Қырғызбаев (66 кг), бокстан Назым Қызайбай (51 кг), және нысана көздеуден командалық жарыста Ислам Сатпаев пен Александра Ле (10 метрден ату) жүлдегер атанды.
Қазақстанның 80 спортшысы Парижде 25 спорт түрінен өнер көрсетті, олардың 54-і алғаш рет Олимпиадаға қатысқан. Біз осы спортышарымызға қарап үлгі аламыз.
Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Еліміздің басты бағыттарының бірі – салауатты өмір салты. Осы орайда спорттың атқаратын рөлі маңызды. Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Республика спортшылары халықаралық ірі жарыстарда топ жарып, көк байрағымызды алыс шет елдерде де асқақтатып жүр.
Топ бір ауыздан адамның денсаулығы-қоғамның байлығының негізі екенін атап өтті. Дені сау адам өзі үшін де, өмір сүріп жатқан қоғам үшін де маңызды.