Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі “Республика күніне” орай “Қазақ елі: бүгіні мен болашағы” тақырыбында тәрбие сағатын өтті. .

24 қазан, 2024

Қазан айының 24 жұлдызында Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі “Республика күніне” орай  география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының оқытушысы Серікқалиқызы Арайлым “6В07304-Кадастр” мамандығының 1 курс (5-топ) студенттерімен “Қазақ елі: бүгіні мен болашағы” тақырыбында тәрбие сағатын жүргізді. 

Тәрбие сағатының мақсаты - еліміздің терең тарихына үңіле отырып,  бүгінгі жетістіктеріне студенттердің бойындағы мақтаныш сезімін ояту, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақ барысында білім алушылар тек қазақ елінің жүріп өткен жолына ғана емес, сонымен қатар, болашағына да зор алаңдаушылық білдіре отырып, Отан алдындағы жауапкершілікті сезінді.