Менің Отаным- ҚазақстанFarabi University

Менің Отаным- Қазақстан

26 қазан, 2024

25 қазан - Республика күніне орай 24.10.24ж. (ТДМ 4- Сапалы білім) Экономика және бизнес жоғары мектебінде «Менің отаным — Қазақстан» тақырыбында мәдени-интелектуалды мерекелік кеш өтті.  Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылған мәдени-интелектуалды мерекелік кеш 2 кезеңнен тұрды. 1-кезең “Республика Күні: Біздің Тарихымыз” викторинасы, әр топқа сұрақтар қойылып, жауаптар қабылданды. Кештің 2-кезеңінде студенттер берілген уақытты оқиғалармен сәйкестендіріп жарысты. Жарыс нәтижесінде “Экономика” кафедрасы студенттері 1 орын, “Менеджмент” кафедрасы 2 курс  студенттерінен құралған Менеджмент К1 тобы 2 орын, Менеджмент К2 тобы 3 орын, “Бизнес-технологиялар” кафедрасы студенттері 4 орын және “Қаржы” кафедрасының 1 курс студенттері 5 орынды иеленді. Іс-шара барысында Балбырауын күйі тартылып, Республика күніне арнап шығарылған “Толғау” айтылды.

Мәдени-интелектуалды мерекелік кеш «Атамекен» әнін кеш қатысушылары мен қонақтарының шырқауымен аяқталды.

Мәдени-интеллектуалды кешті ұйымдастырушы “Менеджмент” кафедрасының оқытушылары Тасжарғанов С.И., Жумагазиева А.Г., Тажиева С.К..

Мерекелік іс-шара барысында Қазақстан

Республикасының тарихы, ұлы тұлғалары, маңызды оқиғалары аталып өтіп,

студенттерге, болашақ ұрпаққа тәуелсіздіктің құндылығы мен Республика күнінің маңызы айтылды.

Осы атаулы күні Отанымыз - Қазақстан Республикасына өркендеу мен амандық тілейміз, халықтың бірлігі, татулығы мен келісімі біздің мемлекеттілігіміздің мәңгілік берік тірегі болсын!