2024 жылдың 24 қазанында ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығы аясында Республика күніне орай «Атамекенге қош келдіңіз ”атты мерекелік іс-шарасы өтті.
Оның негізгі мақсаты: білім алушыларға Қазақстан Республикасы туралы мәлімет беру, қазақ елінің тарихына шолу жасай отырып, таныстыру, елін, жерін, салт-дәстүрін сүюге тәрбиелеу. Бұл үлкен шараға қонақтар қатысып, ізгі тілектерін білдірді. Шара кезінде Омарәлі Әділбекұлы - Дүниежүзі Қазақтар Қауымдастығы Алматы қалалық филиялының төрағасы, "Отандастар қоры" КеАҚ-ның Алматы қалалық фронт-кеңсесінің сарапшысы және де Құрмет Қадылқазыұлы - “Жебеу” Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы құттықтау сөз сөйлеп, 15 тыңдаушыға бір реттік шәкіртақы беріп, білім алушыларға жақсы тілектерін айтты. Жаңылай Дәуей -қолөнерші, өнертанушы және кафедра оқытушыларымен ұлттық нақыштағы көрме ұйымдастырды. Қонақтар тыңдаушыларға жылы лебізін білдіріп, ұстаздарға алғысын айтты. Исабеков Ақылбек Қашқынұлы з.ғ.к., профессор Қазақстанның ең ірі білім ордасы- Қазақ ұлттық университеті туралы жақсы сөздер айтып, ұстаздарын құттықтады.
Бұл мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті.