«Энергетикалы ауысу және инновациялар» тақырыбында ашық дөңгелек үстел ұйымдастырылды

26 қазан, 2024

2024 жылдың 24 қазанында География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы, Мәулен Ж.Е. және Джумабекова И.Д., 4 курс "Кадастр" және 1 курс "Жерге орналастыру" студенттері арасында «Энергетикалы ауысу және инновациялар» тақырыбында ашық дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға студенттер қатысып, Қазақстанның энергетикалық стратегиясы мен осы саладағы инновация мәселелерін талқылады. Мысалы, Алматы мен Астана қалаларында іске асырылып жатқан жасыл жобалар таныстырылды.
Қазақстанда да энергетикалық ауысу белсенді түрде жүзеге асуда. Елде жел және күн энергетикасы саласында ауқымды жобалар қолға алынып, жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде.


Энергетикалық ауысу мен инновация тақырыбында өткен ашық дөңгелек үстелде болашақ ұрпаққа орнықты дамудың маңызын түсіндіру үшін маңызды қадам болды. Энергетикалық ауысудың басты мақсаты – экологиялық таза, тиімді және ұзақ мерзімді энергетикалық жүйе құру. Бұл бағыттағы жұмыстар тек қана үкіметтің емес, әрбір азаматтың қатысуын талап етеді, сондықтан мұндай дөңгелек үстелдер жастарды экологиялық жауапкершілікке баулудың тиімді әдісі болып табылады.