«Қазақстан менің Отаным» атты дөңгелек үстелFarabi University

«Қазақстан менің Отаным» атты дөңгелек үстел

22 қазан, 2024

2024 жылы 22 қазан күні, Тұрақты даму мақсаттары бағдарламасының аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих факультеті, «Қазақстан тарихы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан менің Отаным» атты дөңгелек үстел болып өтті.

Іс-шараға Заң факультеті мен экология мамандығының 1-курс студенттері қатынасты. «Қазақстан менің Отаным» атты дөңгелек үстелінің басты мақсаты: Студенттерді Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған елге деген сүйіспеншілігін арттырып патриоттық сезімге тәрбиелеу болып табылады.

Шараға ҚР ҰҒА академигі, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы, т.ғ.к., доцент Ноянов Еділ Ноянұлы, т.ғ.к., аға оқытушы Арынов Жумакан Маканұлы, Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының ғылым жөніндегі орынбасары PhD докторы,  Мырзатаев Нурмухамед Даулеткелдіұлы, Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы Абдрахманов Арман қатысты. Қонақтарымыздың әр қайсы сөз сөйлеп Отан деген – біздің туып өскен, кіндік қанымыз тамған жер. Отанға деген махаббат, құрмет – адамның рухани деңгейінің биіктігі. Отанды қадірлеу оның табиғатын сүюден, оның өсіп-өркендеуі үшін адал қызмет етуден басталатындығын айтып өтті. Дөңгелек үстел қызу пікірталас алаңына айнала түсті. Соңында өнерлі студенттер арнауларын паш етті.

Ұйымдастырушы: аға оқытушы Арынов Жумакан Маканұлы