“Өркениетті қоғамның бастауы - ұлттық құндылықтарды дәріптеу” тақырыбында дөңгелек үстелFarabi University

“Өркениетті қоғамның бастауы - ұлттық құндылықтарды дәріптеу” тақырыбында дөңгелек үстел

19 қазан, 2024

2024 жылы 18 қазанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебі “Қаржы және есеп” кафедрасының ұйымдастырумен ҚР Президенті Жолдауын,  ТДМ 4 «Сапалы білім», ТДМ 8 «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу», ТДМ 17 «Тұрақты даму үшін серіктестік» және 2029 жылға дейінгі ҚР Ұлттық даму жоспарын, Мемлекет басшысының 2024 жылғы Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасына сәйкес «жалпыұлттық құндылықтарды студент жастармен жұмыс істеуге ықпалдастыру» мақсатында 16 жатақханада “Қаржы және есеп” кафедрасының профессор оқытушылар құрамы және студенттерімен “Өркениетті қоғамның бастауы - ұлттық құндылықтарды дәріптеу”  тақырыбында дөңгелек үстел өтті.   Дөңгелек үстел  “Қаржы және есеп” кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Керімбек Ғалымжан Есқараұлының алғысөзімен ашылды.  Дөңгелек үстелге кафедраның ақсақалы э.ғ.к., доцент Байдаулетов Мәди Байдаулетұлы ұлттық құндылықтармен таныстырды. Кафедраның профессор оқытушылар құрамы сөз алып, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Өз тарихын терең ұғынып, ұлттық құндылықтарын шын бағалай білетін халықтың ғана болашағы мәңгі болмақ. Бүгінгі алпауыт жаһандану дәуірінде кез-келген ұлтты сақтап қалатын дүниелер – сол ұлттың төл тарихы, мәдениеті мен тілі екені анық. Ұлттық құндылықтардың халқымыздың өмірінде алатын орны өзгеше. Ұлттық құндылықтар – ұлттық идеяның негізгі өзегі, ұлт қалыптасуының басты факторларының бірі. Халықтың тілі, ауыз әдебиеті, салт-санасы, әдет-ғұрпы, ырымдары мен тыйымдары арқылы әр ұлттың өзіндік құндылықтары қалыптасады. Ұлттық құндылықтарды сақтау және дамыту әр ұлттың тұрақтылығы мен біртұтастығының кепілі болып табылады. Олар ұлттың келешегі үшін маңызды және ұрпақтан ұрпаққа жеткізілуі тиіс. Біздің ұлтымыздың өзегінде ең алдымен адам тәрбиесі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, өзге ұлтта жоқ құндылықтары бар. 
Халқымыздың бойындағы ана сүті, ата-баба қанымен сіңген табиғи таза,кіршіксіз жұмсақ қасиеттерді жастардың бойына дарыту мақсатында «Қаржы және есеп» кафедрасы ұжымы ұдайы жұмыс істеп келеді.Осы бағытта әсіресе жатақханада тұратын, ата-анасынан жырақта жүрген студенттерге көбірек көңіл қоюға тура келеді.Осынау жаппай жаһардану заманында елімізге,елдің экономикасы мен саяси тұрақтылығына елеулі ықпал ете алатын жағымсыз тенденциялардың жетегінде кетіп қалмау үшін жас буынды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің маңызы зор. Сондықтан факультет ұжымы тұрақты түрде мәдени,рухани тақырыптарға байланысты шараларды жиі өткізіп тұруды күн тәртібіне қойып отыр. Дөңгелек үстел барасында жастар арасында ұлттық мәдениет пен салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың тәрбиелік мәні туралы қозғалды. Жастардың бойында ұлттық құндылықтар мен рухани адамгершілік, имандылық қасиеттері одан әрі жанданды. Студенттер “Балбырауын” және  “Әлқисса” күйлерін, қазақтың қара домбырасымен үйлестіре орындап берді.
Ұлттың ұлт екенін танытатын оның тілі, ділі, діні, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, фольклоры. Біз үшін еліміздің өркендеуі, ұлттық ерекшелігіміз бен ұлттық құндылықтарымызды сақтау – қымбат қазына. Іс-шара өте жоғары деңгейде өтті.