«Жас маман – болашаққа бас қадам» тақырыбындағы ашық есік күні

24 қазан, 2024

Тұрақты даму мақсаттары шеңберінде №17. Тұрақты даму үшін серіктестік

2024 жылдың 24  қазан күні ҚР Ұлттық кітапханасында «Жас маман-болашаққа бас қадам” тақырыбында ашық есік күні өтті. Бұл шараға жауапты «Дүниежүзі  тарихы,  тарихнама  және  деректану  кафедрасының аға оқытушысы т.ғ.к. Б.С. Асанова, оқытушы Г.М. Абикова және «Кітапханалық ақпараттық жүйелер" мамандығының  1,2 курс студенттері атсалысты.

Мақсаты: заманауи еңбек нарығының талаптарына сай келетін білікті, жаңашыл және цифрлық сауатты кітапханашыларды қалыптастырудағы кітапхана қызметінің маңыздылығын түсіндіріп, қызмет көрсету саласындағы жаңашылдықтарды көрсету.

Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) ілгерілетудегі кітапханашының рөлі маңызды және көп қырлы. Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттары қоғамның барлық салаларына әсер ететін кең ауқымды мақсаттар жиынтығы болып табылады. Осыған сәйкес, кітапханашылардың рөлі білім беру, ақпаратқа қолжетімділік және мәдениетаралық диалогты нығайту арқылы ТДМ-ның жүзеге асуына ықпал етуді қамтиды.

«Жас маман – болашаққа бас қадам» тақырыбындағы ашық есік күні «Кітапхана ісі» мамандығының 1 курс студенттеріне жаңа технологияларды, ақпараттық жүйелерді және сандық платформаларды меңгеруге үйрету, кітапхана мамандығын дәріптеп, ҚР Ұлттық кітапханасының тыныс тыршілігімен таныстыру мақсатында экскурсиядан басталды.

Тұрақты даму мақсатындағы «Лайықты еңбек және экономикалық өсу» бағытына арналған іс-шарада ҚР  Ұлттық кітапханасы директорының кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары А.Х. Юсупов  “24 қазан – Кітапханашылар күні” мерекесінің күнтізбеге ену тарихын, “Кітапханашы” мамандығының қыр-сырын баяндап,  өзіндік тәжірибесімен бөлісті.

 Шара барысында Дүние  жүзі  тарихы,  тарихнама  және  деректану  кафедрасының аға оқытушысы т.ғ.к. Б.С. Асанова, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің аға оқытушысы, п.ғ.к. Г.И. Нұржанова, Қаскелең мәдениет колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Ш.Б. Мукашева лайықты еңбек және экономикалық өсу бағытындағы жас кітапханашы мамандығын жетілдірудегі кәсіби дамуын, жаңа технологияларды, ақпараттық жүйелерді және сандық платформаларды меңгеру, цифрлық экономика мен ақпараттық технологияларға бейімделе отырып, қоғамның экономикалық және әлеуметтік мәселелеріне қатысты жобаларға белсенді түрде тарту арқылы, олардың қоғамдағы рөлін күшейту барысындағы мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, мамандыққа кіріспе ретінде ашық сұрақ-жауап ұйымдастырылып, білім алушылардың қызығушылығын арттыру барысында «ОйLIKE» интелектуалды ойыны ұйымдастырылды.

Өз кезегінде  ҚР Ұлттық кітапханасының мамандары  «Кітапханалық ақпарттық жүйелер» мамандығында білім алушылардың қойған сауалдарына өз ой-пікірлермен бөлісіп, тәжірибелерімен бөлісті.