- Басты бет
- Жаңалықтар
- Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» ТДМ аясында Республика күніне арналған кураторлық сағат өтті
Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» ТДМ аясында Республика күніне арналған кураторлық сағат өтті
2024 жылдың 24 қазанында шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы ирантану бөлімінің куратор-эдвайзерлері А.Боранбаева мен Г.Құдайбергенова 25 қазан Республика күніне орай «Қазақстанның әлемдік аренадағы орны: дипломатия және серіктестік» тақырыбында студенттермен кураторлық сағат өткізді.
Аталған іс-шарада Қазақстанның әлемдік аренада алатын орны, сыртқы саясаты сараланып, әлемдік қауымдастыққа дербес, егеменді ел ретінде кірісуі туралы баяндалды. Қазақстанның сыртқы саясатының негізі елдің қауіпсіздігін сақтауға, саяси және экономикалық қарым-қатынастарда аймақтық, субрегиональдық құрылымдарға енуге, тәуелсіз мемлекет ретінде елдің дамуы үшін сыртқы қолайлы жағдайларды қарастыруға, сындарлы сұхбат жүргізуге және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығы талданды. Сонымен қатар, Қазақстан мен Иран арасындағы саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастығы жүйелі түрде баяндалды. Іс-шара соңында студенттер еліміздің сыртқы саясатына қатысты сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Қазақстанның болашағы жастар еншісінде екенін ескеріліп, ол үшін сапалы білім алудың маңыздылығы атап өтілді.