ТДМ-12 АЯСЫНДА "ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРДЕГІ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚ" ТАҚЫРЫБЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2024 жылдың 1 қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінде заң факультетінің доценті Аманжолов Жайсанбек Мейірбекұлы ашық сабақ өткізілді. "Құқықтану" мамандығының екінші курс магистранттарымен өткізілген сабақта тұрақты дамудың 12-ші мақсаты аясында "Қоғамдық өмірдегі қаржылық құқық" тақырыбы талқыланды.
Магистранттар әлеуметтік қатынастарды реттеудегі қаржылық құқықтың рөлін, сондай-ақ оның экономикалық даму мен әлеуметтік әл-ауқатқа әсерін тереңірек түсінуге мүмкіндік алды. Сабақ лекцияны, интерактивті пікірталастарды және нақты мысалдарды талдауды қамтыды, бұл белсенді пікір алмасуға және идеялармен бөлісуге ықпал етті.
Бұл ашық сабақ болашақ заңгерлердің құқықтық санасын қалыптастыруға және олардың қаржы құқығы мен тұрақты даму саласындағы өзекті мәселелерді түсінуіне маңызды қадам болды.