ТДМ-11: Әр жұма ұлттық киіммен
Университетімізде 2024-2025 жаңа оқу жылы басталғалы білім алушы жастарымыздың арасында ұлттық құндылықтарымызды, ұлттық киімдерімізді кең түрде насихаттау әрі оның ұлтымыз үшін маңызы жоғары құнды дүние екенін еске салу мақсатында жұмыс аптасының бір күнін яғни жұма күнін белгілеп, «Әр жұма ұлттық киіммен» тақырыбында челлендж жариялаған болатынбыз.
Аталған шара университет қызметкерлерінің, оқытушы-профессорларының және білімге құштар жастарының арасында кең таралып, олар әр аптаның жұмасында ұлттық нақыштағы ою-өрнекпен әрленген ұлттық киімдерін оқу ордамызға киіп келуді дәстүрге айналдыруда. Бұл іс-шараны өткізудегі басты мақсатымыз осылайша жүзеге асуда.
Ұлтын сүйген ел бақытты! Өз ұлтымыздың мәртебесін қашанда жоғары қойып, ұлттық құндылықтарымыз бен тарихи жәдігерлерімізді көздің қарашығындай сақтауға сіз бен біз болып барынша үлес қосайық!