«Сапалы білім беру — оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі»

7 қазан, 2024

Кафедраның ОПҚ-мен бірге тұрақты даму мақсаттарын насихаттау мақсатында  тыңдаушылармен  «Сапалы білім беру — оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі» атты  іс- шара өтті. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат — жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой-талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылғанымен, бүгінгі заман талабы - жан-жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Тыңдаушы тұлға болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдеуге, жалпы алғанда жеке адамның құзыреттіліктері қалыптасуы қажет.

Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі кезде өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.

Бүгінгі білім беруде тыңдаушыны білімділік, іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың жолдарын іздестіре отырып, тыңдаушы-шәкірт арасында рухани және сезім бірлестігін айқындайды.