“Менің болашағым!”. Картография және геоифнорматика кафедрасы

24 қазан, 2024

         Республика күні ұлттық мерекесі қарсаңында “Менің болашағым!” атты тақырыпта қазан айының 24 жұлдызында сағат 12.00-де картография және геоинформатика кафедрасының аға оқытушысы С.О. Тумажанова Геодезия және картография мамандығының 4 курс студенттерімен тәрбие сағатын өткізді.

         Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтауында: “Республика күні - халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке”, - деп атап өткен болатын.  Республика күні – ол елдің бірлігі мен егемендігінің белгісі. Әр ұрпақ осы мерекені атап өту арқылы тәуелсіздік жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін еске алады және болашаққа нық сеніммен қарайды.

         25 қазан – жастар үшін де маңызды күн. Біз, бұл мерекенің мәнін түсініп, еліміздің дамуына өз үлесімізді қосуымыз қажет. Тек сапалы білім алып, еңбекқор болып, еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек еткенде ғана Қазақстанның келешегі жарқын болады. Әрқайсымыз өз ісімізді адал атқарсақ, мемлекетіміздің болашағы зор боларына сенімім мол.

         Қорытындылай келе, Республика күні – ел тарихындағы маңызды бетбұрыс. Ол тек мереке емес, біздің егемендігімізді, еркіндігімізді және ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін күн. Бұл күн бізді мақтаныш сезіміне бөлеумен қатар, елдің болашағы үшін жауапкершілік сезінуге де шақырады. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

Қосымша

https://www.instagram.com/reel/DBiTX3zs37Z/?igsh=cXduZTRldTN6a2t6