СУАРУ ТӘЖІРИБЕСІ, СУ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚ ҮШІН
2024 жылғы 5 қазанда кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушылары, философия докторы (PhD) Ережепқызы Роза және Шуланбекова Гүлмира Күралбекқызы, заң факультетінің студенттерімен бірге «Суару тәжірибесі, су ресурстарын басқару/қорғау жергілікті халық үшін» атты 6-шы ТДМ «Таза су және санитария» жүзеге асыру аясында маңызды іс-шара өткізді.
Кездесудің мақсаты – студенттерге су ресурстарын басқару мен қорғаудың құқықтық аспектілерін үйрету ғана емес, жергілікті халықтың су ресурстарын тұрақты пайдалану маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру болды.
Кездесу барысында суды ұтымды пайдаланудың тиімді әдістері, заманауи суару технологиялары және су ресурстарын қорғаудың құқықтық аспектілері талқыланды. Студенттер өз білімдерімен бөлісіп, аймақтың тұрақты дамуына үлес қосуға тырысты. Мұндай іс-шаралар жергілікті халықтың хабардарлығын арттырумен қатар, болашақ мамандарды қоршаған ортаны құқықтық тұрғыдан қорғауға дайындайды.
Бұл іс-шараның арқасында қатысушылар су құқығы саласындағы озық тәжірибелермен танысып, табиғи ресурстарды қорғаудың болашақ ұрпақ үшін қаншалықты маңызды екенін түсінді. Біз бірлескен күш-жігеріміз ЦУР мақсаттарына жетуге және аймақтың тұрақты дамуына үлес қосатынына сенімдіміз!