КЕДЕЙЛІКТІ ЖАППАЙ ЖОЮ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫFarabi University

КЕДЕЙЛІКТІ ЖАППАЙ ЖОЮ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

8 қазан, 2024

08.10.2024 ж. «Барлық нысандардағы кедейлікті жаппай жою» ТДМ 1-мақсатын іске асыру шеңберінде А.К. Джангабулова ғылыми семинар өткізді. Ғылыми семинардың мақсаты: аз қамтылған студенттерге көмек көрсету мәселелері. Ғылыми семинарда аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерге әлеуметтік көмек көрсету, оқу ақысын төлеуге жеңілдіктер беру, үлгерімі үшін атаулы стипендиялар беру, студенттік жатақханаларда орын алуға басым құқық алу, әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету, әлеуметтік және медициналық сүйемелдеу, барлық әлеуметтік осал санаттарға волонтерлік көмек көрсету мәселелері қаралды.
Біз аталған мақсаттың міндеттерінің бірін іске асыруға ұмтылуымыз керек: «2030 жылға қарай кедейлер мен осал топтағы адамдардың өміршеңдігін арттыру және олардың климаттың өзгеруінен туындаған төтенше құбылыстар мен басқа да экономикалық, әлеуметтік және экологиялық күйзелістер мен апаттарға сенімсіздігі мен осалдығын азайту».