КЕДЕЙЛІКТІ ЖОЮ ШАРТЫ РЕТІНДЕ ТЕҢСІЗДІКТІ АЗАЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАУ
2024 жылғы 10 қазанда кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы Бахманова Қ.А. БҰҰ-ның Орнықты даму жөніндегі тұжырымдамасын" іске асыру шеңберінде және ТДМ 1 студенттер мен магистранттар үшін "Теңсіздікті азайту, кедейлікті жоюдың шарты ретінде" тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Ғылыми семинардың мақсаты әлеуметтік және экономикалық теңсіздіктерді төмендету стратегиялары мен әдістерін талқылау және жастардың құқықтық санасын тәрбиелеу болып табылады. Іс-шараның модераторы з.ғ.д., профессор Куаналиева Г.А. болды. Спикер ретінде 1 курс студенті Қабыл А. сөз сөйледі.
Теңсіздікті төмендету бойынша ғылыми семинардың ұсыныстары:
1. Халықтың аз қамтылған топтарын қолдауға, сондай-ақ олардың өзін-өзі жұмыспен қамтуына және экономикалық қызметке тартылуына жағдай жасауға бағытталған бағдарламаларды әзірлеу және енгізу қажеттілігі.
2. Сапалы білім мен кәсіби дайындыққа қолжетімділік, әсіресе жастар мен халықтың осал топтары үшін кеңейтілуі тиіс. Білім кедейлікті жеңудің негізгі факторы болып табылады.
3. Цифрлық теңсіздікті жою жөніндегі мемлекеттік бастамалар адамдарға экономиканың жаңа секторларында өзін-өзі дамытуға және жұмыспен қамтуға көбірек мүмкіндіктер бере алады.
4. Экологиялық таза технологияларды енгізудің және "Жасыл" жұмыс орындарын құрудың маңыздылығы, әсіресе ауылдық жерлерде, кедейлік пен теңсіздікті азайтуға, сондай-ақ өмір сүру жағдайларын жақсартуға ықпал етуі мүмкін.