ӨНЕР ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

8 қазан, 2024

2024 жылдың 08 қазанында БҰҰ ТДМ-10 «Елдер ішіндегі және олардың арасындағы теңсіздікті қысқарту» мақсатын жүзеге асыру шеңберінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультеті кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы А.Н. Абдрахманов өзінің “Құқықтану” мамандығының 1 курс 108 кураторлық тобының студенттерімен Ғабит Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрында “Қызыл орамалды Шынарым” атты тақырыптағы қойылымға қатысты. Шығармада өткен ғасырдың 60-жылдарында Тянь-Шань тауларының бөктерінде, Қырғыз жеріндегі Долан асуында өткен оқиға сипатталады. Жол бойында кездейсоқ танысқан ауыл қызы Әсел мен көлік жүргізушісі Ілияс пәк сезімдер арбауына түсіп, шынайы махаббаттың кейіпкерлері атанады. «Қызыл орамалды Шынарым» қойылымы «Қолда бар алтынның қадірі жоқ» дегендей, көрермен қауымға өмірді бағалау туралы ой тастайды. Қойылымнан топ студенттері өмірлік сабақ болатын ой түйді деген ойдамыз.