- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ «Жақсы деңсаулық және әл-ауқат» аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың №14 жатақханасында "Біз темекі шегуге қарсымыз" атты акциясы өтті
ТДМ «Жақсы деңсаулық және әл-ауқат» аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың №14 жатақханасында "Біз темекі шегуге қарсымыз" атты акциясы өтті
2024 жылдың 25 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінің студенттері №14 жатақханада темекі шегуге қарсы акция өткізді.
Салауатты және қауіпсіз өмір сүру ортасын құру бастамасы аясында жатақхана қабырғаларында темекі шегуден бас тартуға шақыратын ақпараттық плакаттар дайындалып, ілінді.
Жатақхана стендтерінде орналастырылған плакаттарда темекі шегудің зияны туралы маңызды мәліметтер, сондай-ақ жатақхананың барлық тұрғындарының таза ауаға деген құқықтарын құрметтеуге шақырулар бар.
Бұл бастама студенттердің темекі шегушінің өзі үшін де, айналасындағылар үшін де темекі шегудің жағымсыз әсерлері туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған.
Мұндай шаралар жатақханада Салауатты атмосфераны қалыптастыруға ықпал ететініне және студенттерге өз денсаулығы мен айналасындағылардың денсаулығына қамқорлық жасаудың маңыздылығы туралы ойлауға көмектесетініне сенімдіміз.