ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ӘДІЛЕТТІЛІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ РӨЛІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

14 қазан, 2024

14 қазан 2024 жылы ҚазҰУ заң факультетінің қаржы, кеден және экологиялық құқық кафедрасының доценті, з.ғ.к. Аманжолов Ж.М. “Халықаралық құқық” пәнінен "Құқықтану" мамандығының 4-курс студенттерімен сабақ өткізді. Дәріс Тұрақты дамудың 16-мақсаты – “Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар” аясында өтті. Сабақта халықаралық құқықтың бейбітшілік пен әділеттілікті қамтамасыз етудегі рөлі талқыланды.
Студенттер белсенді қатысып, құқықтық институттардың тиімділігін арттыру жолдары жөнінде пікір алмасты. Тақырып бойынша сұрақтар қойылып, өзекті халықаралық мәселелер талданды.
Сабақ барысында адам құқықтарын қорғау, құқық үстемдігін орнату және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері қаралды. Халықаралық ұйымдардың, әсіресе БҰҰ-ның, бейбітшілікті қолдау және қақтығыстарды болдырмаудағы маңызы атап өтілді. Студенттер нақты кейстер арқылы халықаралық құқықтық нормалардың қолданылуын талқылады.