Цифрлық кодексті талқылау өткізілді
2024 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде "Қазақстан Республикасының цифрлық кодексі туралы" заң жобасы талқыланды. Заң жобасын талқылауға ҚР Мәжілісінің депутаттары Е.В. Смышляева, У. Шапак, А.П. Рау және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері, цифрлық технологиялар және жасанды интеллект саласындағы мамандар қатысты.
Отырыстарға сондай-ақ Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Хасенұлы Мәдиев қатысты.
Ғылыми сарапшы ретінде аталған заң жобасын талқылауға ғылыми саланың өкілдері, заң ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының, заң факультетінің профессоры Г. Т. Айгаринова шақырылды.
Г.Т. Айгаринова қазіргі уақытта ҚР Ғылым және жоғары білім Министрлігінің Философия, саясаттану және дінтану институтының "Br21882302 цифрлық трансформация жағдайындағы қазақстандық қоғам: перспективалар мен тәуекелдер" Ғылым Академиясының мақсатты-гранттық қаржыландырылған жобаның бас ғылыми қызметкері болып табылады.
Осы жоба шеңберінде Қазақстан Республикасының цифрлық қатынастарын құқықтық реттеу мәселелері, атап айтқанда: қоғамды цифрландыру, дербес деректерді қорғау, киберқауіпсіздік, маркетплейстер, электрондық сауда-саттық, медицина саласын цифрландыру, еңбек қатынастарын қазіргі заманғы реттеу, қоршаған ортаны қорғау саласында жасанды интеллектті қолданудың құқықтық мәселелері қаралады.
ҚР цифрлық кодексінің қабылданған жобасы мемлекетіміздің проблемаларын заманауи шешу жолындағы және БҰҰ тұрақты даму мақсаттарын іске асыруда маңызды қадам болып табылады.